Қазақстандық жұп Азиадада жағажай волейболынан ширек финалға шықты

Фото: Сали Сабиров
Мерей Қожахмет пен Лаура Қабулбекова Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азиада ойындарында жағажай волейболынан қатарынан үшінші жеңісіне жетіп, ширек финалға жолдама алды.
1/8 финалда қазақстандық жұп Гонконг өкілдері То Винтун мен То Винманға қарсы ойнады. Екі партия да тартысты өтіп, Қожахмет пен Қабулбекова қарсыластарын бірдей 21:19 есебімен екі рет жеңді — 2:0.
Бұған дейін қазақстандық жұп топтық кезеңді жеңіліссіз аяқтаған. Алғашқы кездесуде олар Бангладеш құрамасын 2:0 есебімен жеңсе, кейін Филиппин спортшыларын үш партияда 2:1 есебімен ұтты.
Еске салайық, 2026 жылғы Азиада ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.