Назым Махмұтова Азия чемпионатының жүлдегері атанды
Бөлісу

Фото: СДР
Қазақстан құрамасының таеквондошысы Назым Махмұтова Ұлан-Батырда өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды.
Қазақстандық спортшы 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлдегерлер қатарына енді. Турнирдің жартылай финалында Махмұтова Қытай өкілі Сун Цземен кездесіп, 1:2 есебімен жеңілді.
Бұл жүлде қазіргі Азия чемпионатынан Қазақстан қоржынына үшінші болып түсті. Бұған дейін командаға 54 келіге дейінгі салмақта Еркебұлан Еңсегенов пен 74 келіге дейінгі салмақта Эльдар Бірімбай қола медаль әкелген еді.
Таеквондодан Азия чемпионаты мамырдың 19 мен 25-і аралығында Моңғолия астанасы Ұлан-Батырдағы M Bank Arena кешенінде өтіп жатыр.