Неймар екі ай бойы алаңға шыға алмауы мүмкін

Aibar Rysdaulet··
Фото: footmercato.net

Фото: footmercato.net

Бразилиялық шабуылшы Неймар Бразилия кубогінің ширек финалындағы «Палмейрасқа» қарсы қарымта матчта оң жамбасынан бұлшықет жарақатын алды. Бұл туралы футболшы медициналық тексеруден өткеннен кейін «Сантос» клубы хабарлады.

34 жастағы шабуылшы 2 қыркүйекте өткен кездесудің бірінші таймында жайсыздық сезініп, үзілісте алаңнан ауыстырылды. Globo басылымының мәліметінше, мұндай жарақаттан кейін қалпына келу үшін төрт-сегіз апта қажет болуы мүмкін.

Матч 0:0 есебімен аяқталды. Алайда екі ойынның қорытындысы бойынша «Палмейрас» жартылай финалға жолдама алды. Алғашқы кездесу «Палмейрастың» 3:0 есебімен жеңісімен аяқталған болатын.

Неймар осы маусымда «Сантос» сапында барлық турнирде 24 матч өткізіп, сегіз гол соқты және сегіз нәтижелі пас берді. 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін жазда шабуылшы Бразилия құрамасындағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. Оның ұлттық құрама сапындағы гол саны — 80. Бұл Бразилия құрамасы тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.

Неймар екі ай бойы алаңға шыға алмауы мүмкін – sport-hub