Нидерланд құрамасы 74 жастағы ван Галді қайтаруы мүмкін

Бегасыл Амирбай ··
Фото: KNVB

Фото: KNVB

Нидерланд құрамасының бұрынғы бас бапкері Луи ван Гал Нидерланд футбол федерациясымен (KNVB) ұлттық командаға қайта оралу мүмкіндігін талқылауға дайын.

De Telegraaf басылымының хабарлауынша, 74 жастағы маман KNVB басшылығы тарапынан ұсыныс түссе, келіссөздер жүргізуге ашық.

Бұған дейін Арне Слот, Петер Бос, Эрик тен Хаг және Хосеп Гвардиола Нидерланд құрамасын жаттықтырмайтыны белгілі болған. Осыдан кейін ван Галдың кандидатурасы қайтадан негізгі үміткерлердің қатарына енді.

Бапкерді бұрын мазалаған денсаулық мәселелері қазір артта қалған. Ван Гал өзін жақсы сезінеді және ұлттық құрамадағы жұмысты ең қолайлы нұсқа деп санайды, себебі бұл қызмет күнделікті жаттығу процесін талап етпейді.

Еске сала кетейік, ван Гал Нидерланд құрамасын үш рет басқарған және ұлттық команда тізгінінде 63 матч өткізген. Оның жетекшілігімен нидерландтықтар 2014 және 2022 жылдардағы әлем чемпионаттарына қатысқан. Соңғы кезеңде команда 20 матч қатарынан жеңіліс көрмеген.