Норвегия құрамасы әлем чемпионаты қарсаңында Швецияны жеңді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: NFA

Фото: NFA

Норвегия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына дайындық аясында жолдастық матч өткзіп, Швецияны 3:1 есебімен жеңді.

Кездесу Осло қаласында өтті. Алаң иелері үш голдың барлығын бірінші таймда соқты. Алдымен Йорген Ларсен дубль авторы атанып, 8 және 37-минуттарда мергендігімен көзге түсті. Сондай-ақ, Антонио Нуса 18-минутта шведтер қақпасын дәл көздеді.

Үзілістен кейін шведтер есеп айырмасын қысқарта алды. 76-минутта қонақтардың жалғыз голын шабуылшы Александер Исак соқты.

2026 жылғы әлем чемпионатында Норвегия құрамасы Франция, Сенегал және Ирак құрамаларымен бір топта өнер көрсетеді. Ал Швецияның қарсыластары Нидерланд, Жапония және Тунис құрамалары болады.

2026 жылғы әлем чемпионаты 12 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтеді.

Норвегия құрамасы әлем чемпионаты қарсаңында Швецияны жеңді – sport-hub