Норвегия құрамасы әлем чемпионатына 300 келі балық пен өз аспаздарын алып келеді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Норвегия ұлттық құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты кезінде ойыншылардың үйреншікті тамақтану тәртібін сақтау үшін турнирге 300 келі балық алып бармақ.

VG басылымының хабарлауынша, ұлттық құрамамен бірге елдің танымал аспаздары да жолға шығып, ресми делегация құрамына енеді.

Мұндай шешім футболшылар ұзаққа созылатын турнир барысында да өздері үйренген тағамдарды тұтынуы үшін қабылданған. Норвегия құрамасының пікірінше, таныс ас мәзірі спортшылардың зейінін жоғалтпай, жоғары деңгейдегі ойын көрсетуіне көмектеседі.

Норвегия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатында I тобында өнер көрсетеді. Команданың қарсыластары — Франция, Сенегеал және Ирак құрамалары.

Айта кетейік, Әлем чемпионаты 12 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді.