Өзбекстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты үшін Атлантаға келді
Бөлісу

Фото: ӨФА
Өзбекстан ұлттық құрамасы АҚШ-тың Атланта қаласына жетіп, 2026 жылғы әлем чемпионаты алдындағы соңғы дайындық кезеңін бастады.
АҚШ, Канада және Мексикада өтетін алдағы турнир Өзбекстан футболы үшін тарихи оқиға болмақ. Фабио Каннаваро жаттықтыратын команда іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алды.
Топтық кезеңде өзбекстандық футболшылар K тобында бақ сынайды. Олардың қарсыластары Колумбия, Португалия және Конго Демократиялық Республикасы құрамалары болады.
Каннаваро шәкірттері турнирдегі алғашқы матчын 18 маусым күні Колумбия құрамасына қарсы өткізеді.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты 12 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексика да өтеді.