Нұрдәулет Сейілбеков күрестен Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
Бөлісу

Фото: UWW
Қазақстан құрамасының еркін күрес шебері Нұрдәулет Сейілбеков Вьетнамның Дананг қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында жеңісті жолын жалғастырып жатыр.
Қазақстандық балуан 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсуде. Турнирдің алғашқы белдесуінде Сейілбеков түрікменстандық Ватан Аннаоразовты 12:2 есебімен жеңді. Одан кейін ширек финалда вьетнамдық Конг Труонгтан 10:0 есебімен басым түсті.
Азия чемпионатының жартылай финалында Нұрдәулет Сейілбеков үндістандық Дипакпен кездеседі.
Күрестен U23 Азия чемпионаты 23-31 мамыр аралығында Дананг қаласында өтіп жатыр.