Оңтүстік Корея құрамасы ӘЧ-2026 қарсаңында Сальвадорды жеңді
Бөлісу

Фото: Getty Images
Оңтүстік Корея құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына дайындық аясында өткен жолдастық матчта Сальвадорды 1:0 есебімен жеңді.
Кездесудегі жалғыз гол 57-минутта орын алды. Матч тағдырын жартылай қорғаушы Ли Дон Гён шешіп, өз командасына жеңіс сыйлады. Оңтүстік Корея құрамасының капитаны Сон Хын Мин алаңға екінші таймда шыққанымен, нәтижелі әрекеттерімен көзге түсе алмады.
2026 жылғы әлем чемпионатында Оңтүстік Корея құрамасы А тобында өнер көрсетеді. Олардың қарсыластары Мексика, Оңтүстік Африка Республикасы және Чехия құрамалары болады. Әлем чемпионаты 12 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.