Өзбекстан – Колумбия матчындағы ойынның үздік футболшысы анықталды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ФИФА

Фото: ФИФА

Колумбия құрамасының вингері Луис Диас Өзбекстанға қарсы 2026 жылғы әлем чемпионатының бірінші тур матчындағы үздік ойыншы деп танылды. Ол өз командасының 3:1 есебімен жеңіске жетуіне көмектесті.

Диас кездесудің басты қаһармандарының бірі болды: бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Оның ойынының арқасында Колумбия құрамасы әлем біріншілігін сәтті бастады.

Бірінші турдан кейін Колумбия 3 ұпаймен K тобын бастап тұр. Португалия мен ДР Конго 1 ұпайдан жинаса, Өзбекстан ұпайсыз қалып, турнир кестесінің соңында тұр.

Екінші турда Колумбия Конго ДР-ға қарсы ойнайды, ал Өзбекстан Португалиямен кездеседі.

Өзбекстан – Колумбия матчындағы ойынның үздік футболшысы анықталды – sport-hub