Басты бет
·
Теннис

Пегула мен Гауфф WTA Finals-2026 турниріне жолдама алды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Jimmie48

Фото: Jimmie48

Америкалық теннисшілер Джессика Пегула мен Кори Гауфф 8-15 қараша аралығында Индиан-Уэллсте өтетін WTA Finals-2026 қорытынды турниріне қатысу құқығына ие болды.

Пегула мен Гауфф чемпиондық жарыста қажетті ұпай санын жинап, WTA Finals турниріне жолдама алған кезекті теннисшілер атанды. Қазіргі әлемдік рейтингте Пегула үшінші, ал Гауфф төртінші орында тұр.

Бұған дейін әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мен Арина Соболенко қорытынды турнирге қатысатынын қамтамасыз еткен. Қазақстандық теннисші жарысқа жолдаманы алғаш болып алса, Соболенко екінші болып жолдама иеленді. Ал кеше Мирра Андреева да WTA Finals-ке қатысу құқығына ие болды. Жекелей сында барлығы сегіз теннисші бақ сынайды.

Айта кетейік, WTA Finals турнирінің қазіргі чемпионы — Елена Рыбакина. Қазақстандық теннисші 2025 жылы Эр-Риядта өткен финалда Соболенконы 6:3, 7:6 (7:0) есебімен жеңіп, мансабында алғаш рет қорытынды чемпионаттың титулын жеңіп алған.

2026 жылы WTA Finals турнирі алғаш рет Калифорниядағы Indian Wells Tennis Garden корттарында өтеді. Жарыс 8-15 қараша аралығында ұйымдастырылады.