Пегула Цинциннатидегі «мыңдық» турнирдің финалындағы жеңілістен кейін Гауффтың ойынына баға берді

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Jimmie48

Фото: Jimmie48

Әлемнің үшінші ракеткасы Джессика Пегула АҚШ-тың Цинциннати қаласында өткен WTA 1000 санатындағы турнирдің финалында отандасы Кори Гауффтан (WTA рейтингінде 4-орын) жеңілгеннен кейін қарсыласының ойынына баға берді.

Еске салайық, Гауфф кездесуде 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жеткен болатын.

«Меніңше, бүгін ол өте жоғары деңгейде ойнады. Онымен ойнау шынымен қиын болды. Дегенмен өзімнің нашар матч өткізгенімді айтпас едім. Доп алмасуларды жақсы құра алдым, бірақ оның еңбегін мойындау керек. Алаңда осылай қозғалатын теннисшіге қарсы ойнау өте қиын. Меніңше, бұл тұрғыда ол турдағы ең үздік ойыншы. Алаңның бұрыштарында қорғана алуы жағынан оған ешкім тең келмейді. Бұл оның басты артықшылықтарының бірі. Қазір өзіне сенімді әрі қауіпті Коко Нью-Йоркте өте қиын қарсылас болады», – деп келтіреді Пегуланың сөзін турнирдің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Гауфф мансабында екінші рет Цинциннати чемпионы атанды. Америкалық теннисші бұл турнирдегі алғашқы титулын 2023 жылы жеңіп алған еді. Осылайша, ол 2004 жылдан бері Цинциннатиді кем дегенде екі рет жеңіп алған Серена Уильямс пен Виктория Азаренкоға қосылды.

Кори Гауфф жеңісі үшін 785 рейтингтік ұпай және 1 085 220 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады.

Пегула Цинциннатидегі «мыңдық» турнирдің финалындағы жеңілістен кейін Гауффтың ойынына баға берді – sport-hub