Петр Ян әлемдегі ең үздік боксшыны атады

Фото: Getty Images
UFC-дің аса жеңіл салмақтағы чемпионы Петр Ян қазіргі әлемдік бокстағы ең мықты спортшы кім екенін айтты. Ресейлік файтер өз таңдауын Дмитрий Биволға тоқтатты.
Салмақ дәрежесіне қарамастан UFC-дің үздік үш файтерінің қатарына кіретін Ян RCC Boxing басылымына берген сұхбатында әлемдік бокстың көшбасшылары туралы пікір білдірді.
Одан қазіргі уақытта кімді ең үздік боксшы деп санайтынын сұраған. Ресейлік спортшы көп ойланбастан жауап берді.
«Қазіргі уақытты алатын болсақ, мен үшін әлемдегі ең үздік боксшы – Дмитрий Бивол», – деді Ян.
Айта кетейік, Петр Ян қазан айында UFC чемпиондық белбеуін кезекті рет сәтті қорғады. Ол грузиялық Мераб Двалишвилимен үшінші жекпе-жегінде төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетіп, қарсыластар арасындағы текетіреске нүкте қойды.
Ал Дмитрий Бивол қазіргі уақытта рингке оралуға дайындалып жатыр. Оның келесі жекпе-жегі 12 желтоқсанда Екатеринбургте өтетін RCC Boxing турниріне жоспарланған.
Ресейлік боксшының қарсыласы – жартылай ауыр салмақта WBO тұжырымы бойынша уақытша чемпиондық белбеудің иегері, британиялық Каллум Смит.
Бұл кездесуде Биволдың WBA, WBO, IBF және The Ring нұсқалары бойынша чемпиондық атақтары сарапқа салынады.
Бір қызығы, Петр Ян мамыр айында Екатеринбургте өткен Бивол мен Майкл Эйферт арасындағы жекпе-жекті трибунадан тамашалаған болатын.
Ал қазан айының соңында Дмитрий Бивол Абу-Дабиге арнайы барып, Янның Мераб Двалишвилиге қарсы үшінші кездесуінде отандасына қолдау көрсетті.
Осылайша екі спортшының арасындағы қарым-қатынас өзара құрметпен ғана шектелмей, ринг пен октагоннан тыс жерде де жалғасып келеді.