Петр Ян мен Мераб Двалишвилидің UFC 333 турниріндегі гонорарлары белгілі болды

Фото: Getty Images
Петр Ян мен Мераб Двалишвили арасындағы үшінші жекпе-жек ресейлік спортшының жеңісімен аяқталды. Ол UFC чемпионы атағын сақтап қана қоймай, қомақты гонорарға да ие болды.
Give Me Sport басылымының мәліметінше, UFC 333 турниріндегі өнері үшін Петр Ян шамамен 920 мың доллар табыс тапқан. Ал грузиялық файтердің гонорары 550 мың доллар шамасында болған.
Турнир 25 қазанға қараған түні Абу-Дабиде өтті. Бес раундқа созылған жекпе-жекте үш төреші де ресейлік спортшыны жеңімпаз деп таныды.