Басты бет
·
Футбол

«Порту» «Наполиді» ірі есеппен жеңіп, Чемпиондар лигасындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Каирбек Тулегенов ··
«Порту» ФК

«Порту» ФК

«Порту» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші турда өз алаңында италиялық «Наполиді» 4:1 есебімен ойсырата жеңді. Осылайша, команда биылғы турнирдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

«Эштадиу ду Драгау» стадионында өткен кездесуде есеп 11-минутта ашылды. Ян Беднарек алаң иелерін алға шығарды. Алайда үзіліс алдында, 43-минутта Скотт Мактоминей есепті теңестірді.

Екінші таймда «Порту» шабуылды үдетті. 71-минутта Габриэл Вейга командасын қайтадан алға шығарса, тоғыз минуттан кейін Якуб Кивер есеп айырмасын ұлғайтты.

Ал 89-минутта Самуэль Агехова пенальтиді сәтті орындап, матчтың қорытынды есебін белгіледі.

Чемпиондар лигасы. Жалпы кезең. 4-тур

«Порту» – «Наполи» – 4:1

Голдар: Беднарек, 11 (1:0), Мактоминей, 43 (1:1), Вейга, 71 (2:1), Кивер, 80 (3:1), Агехова, 89 (4:1).

«Порту» «Наполиді» ірі есеппен жеңіп, Чемпиондар лигасындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді – sport-hub