Португалия – Конго ДР: футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты матчының тікелей трансляциясы
Бөлісу

Фото: ESPN
Португалия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы матчын Конго ДР командасына қарсы өткізеді.
K тобының бірінші турындағы кездесу 17 маусым күні Хьюстон қаласындағы «Эн-Эр-Джи Стэдиум» стадионында өтеді. Ойынның басталу ысқырығы Қазақстан уақытымен 22:00-де соғылады.
Қазақстан жанкүйерлері матчты «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре алады. Сондай-ақ кездесудің ең қызықты сәттерін Sport-hub.kz Telegram-арнасынан live форматында бақылауға болады.
Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтуде. Турнир тарихында алғаш рет оған 48 құрама қатысып жатыр.