Португалия – Нигерия матчы алдында стадионда жанкүйер қаза тапты

Фото: sofascore
Португалия мен Нигерия құрамалары арасындағы жолдастық матч алдында қайғылы жағдай тіркелді. 77 жастағы жанкүйердің жүрегі тоқтап, көз жұмды.
Diario de Leiria басылымының мәліметінше, оқиға матч басталардан бірнеше минут бұрын Лейрия қаласындағы стадионда болған. Кенеттен жағдайы нашарлаған жанкүйерге жедел медициналық көмек көрсетілді. Кейін ер адам жергілікті ауруханалардың біріне жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Біраз уақыттан соң оның қайтыс болғаны ресми түрде расталды.
Айта кетейік, Португалия мен Нигерия арасындағы жолдастық кездесу португалиялықтардың 2:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды.
Сондай-ақ Португалия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Өзбекстан, Колумбия және Конго Демократиялық Республикасы құрамаларымен кездеседі. Әлем біріншілігі 12 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.