ПСЖ – «Астон Вилла»: УЕФА Суперкубогы матчының тікелей трансляциясы

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Чемпиондар лигасының жеңімпазы ПСЖ мен Еуропа лигасының жеңімпазы «Астон Вилла» УЕФА Суперкубогы үшін кездеседі.

Матч 13 тамызда Австрияның Зальцбург қаласындағы «Ред Булл Арена» стадионында өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады.

Қазақстандық жанкүйерлер матчты «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре алады. Сондай-ақ кездесудің ең маңызды сәттерін Sport-hub.kz Telegram арнасындағы live форматында бақылауға болады.

ПСЖ Чемпиондар лигасын жеңіп, Суперкубокқа жолдама алды. Финалда париждіктер «Арсеналды» негізгі уақытта 1:1, пенальти сериясында 4:3 есебімен жеңді.

Ал «Астон Вилла» Еуропа лигасының жеңімпазы атанды. Финалда Унаи Эмеридің командасы немістің «Фрайбург» клубын 3:0 есебімен ұтты.

ПСЖ мен «Астон Вилла» бұған дейін де еурокубоктарда кездескен. 2024/25 жылғы Чемпиондар лигасының ширек финалында париждіктер өз алаңында 3:1 есебімен жеңсе, қарымта матчта Бирмингемде 2:3 есебімен ұтылды. Екі матчтың қорытындысы бойынша ПСЖ 5:4 есебімен келесі кезеңге өтті.

ПСЖ – «Астон Вилла»: УЕФА Суперкубогы матчының тікелей трансляциясы – sport-hub