ПСЖ «Реалмен» «Алтын доп» иегері үшін таласуға дайын

«Манчестер Сити» ФК
ПСЖ «Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Родриді сатып алу үшін күреске араласуға ниетті. Париждік клуб испаниялық хавбек үшін мадридтік «Реалдан» озып шығуды көздеп отыр.
AS басылымының мәліметінше, ПСЖ президенті Нассер Аль-Хелаифи «Реалдың» ойыншыға қызығушылық танытқанын білгеннен кейін Родридің өкілдерімен байланыс орнатуды жеке өзі тапсырған.
Париждік клубтың белсенділігі тек спорттық мақсатпен ғана байланысты емес. Команда басшылығы бұған дейін ивуариялық Ян Диоманде мадридтік «Реалға» ауысқанын ауыр қабылдаған. Өйткені оған дейін дәл осы футболшыға негізгі үміткер ретінде ПСЖ саналған еді.
Хабарларға қарағанда, француз клубының жетекшілері Родридің трансферін мадридтіктердің трансферлік жоспарларына кедергі келтіру және әлемдегі үздік жартылай қорғаушылардың бірі үшін принципиалды бәсекеде жеңіске жету мүмкіндігі ретінде қарастырып отыр.
«Манчестер Сити» сапында Родри төрт рет Премьер-лиганы жеңіп алды. Сондай-ақ ол Чемпиондар лигасы, Англия кубогы, Англия лигасы кубогы, УЕФА Суперкубогы және клубтар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Испания құрамасымен бірге Еуропа және әлем чемпионаттарының жеңімпазы болып, 2024 жылы «Алтын допты» иеленді.