«Қайрат» Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңіндегі ықтимал қарсыластарын білді

Фото: «Қайрат» ФК
Алматылық «Қайрат» футбол клубы 2026/27 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі ықтимал қарсыластарының толық тізімін білді.
Турнирдегі алғашқы іріктеу кезеңінің жеребесі 16 маусым күні өтеді. Қазақстан чемпионы өз рейтиңінің арқасында жеребеде елеулі командалардың қатарында болады.
«Қайратқа» ықтимал қарсыластар тізіміне «Интер» (Андорра), «Левски» (Болгария), «Арарат-Армения» (Армения), «Сабах» (Әзербайжан), «Кауно Жальгирис» (Литва), «Сутьеска» (Черногория), «Дьёри ЭТО» (Мажарстан), «Иберия 1999» (Грузия), «Эгнатия» (Албания), «Флориана» (Мальта), «Тре Фьори» (Сан-Марино), «Вардар» (Солтүстік Македония), «Макслайн» (Беларусь) және «Атерт-Биссен» (Люксембург) клубтары енді.
Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчтар 7 және 8 шілдеде өтеді. Қарымта кездесулер 14 және 15 шілдеге жоспарланған.