Басты бет
·
АО-2026

Қазақстан аралас эстафетада төртінші орын алды

Аружан Талғат··
Фото: olympic.kz

Фото: olympic.kz

Қазақстанның жүзуден ұлттық құрамасы Айти мен Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында 4×100 метрге аралас жүзуден аралас эстафетаның финалында төртінші орын алды.

Қазақстан құрамасы сапында Ксения Игнатова, Софья Сподаренко, Айбат Мырзамұратов және Максим Сказобцов жарыс жолына шықты. Төрт спортшы қашықтықты 3 минут 49,19 секундта жүзіп өтіп, жүлдегерлер қатарынан бір қадам жерден қалды.

Алтын медальды 3:40.38 нәтиже көрсеткен Қытай құрамасы жеңіп алды. Екінші болып Жапония құрамасы келсе, қола жүлде Оңтүстік Корея спортшыларына бұйырды.

Қазақстан үшін бұл биылғы Азия ойындарындағы эстафетадағы екінші төртінші орын. Бұған дейін Александр Румынский, Айбат Мырзамұратов, Максим Сказобцов және Глеб Коваленя ерлер арасындағы 4×100 метрге аралас жүзуден эстафетада да үздік үштіктен тыс қалған болатын.

Еске салайық, бұған дейін Ксения Игнатова 100 метрге шалқалап жүзуден жеке финалда өнер көрсетті. Қазақстандық жүзуші қашықтықты 1 минут 1,12 секундта аяқтап, алтыншы орынға ие болды.