Басты бет
·
Футбол

Қазақстан – Беларусь матчын қайдан көруге болады?

Бекарыс Әлімхан··
ҚФФ

ҚФФ

Қазақстан футзал құрамасы 2028 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын Беларусь құрамасына қарсы өткізеді.

Кездесу 20 қазанда Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Матч Қазақстан уақытымен сағат 20:00-де басталады. Ойынды Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады. Сондай-ақ матчтың негізгі сәттерін Sport-hub.kz Telegram арнасынан бақылауға мүмкіндік бар.

Қазақстан құрамасы Беларусь және Албаниямен бірге бір топта өнер көрсетеді. Командалар төрт ойыннан өткізеді: екеуін өз алаңында, екеуін сырт алаңда ойнайды. 12 топтың жеңімпаздары мен екінші орын алған үздік төрт құрама іріктеудің элиталық кезеңіне тікелей жолдама алады. Ал қалған сегіз команда плей-офф кезеңінде бақ сынайды.

Айта кетейік, Қазақстан мен Беларусь соңғы рет 2021 жылғы наурызда 2022 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде кездескен. Сол кезде қазақстандық футзалшылар екі ойында да жеңіске жетті. Алғашқы матчта өз алаңында 5:2 есебімен басым түссе, Минскіде 6:1 есебімен жеңді.

Қазақстан – Беларусь матчын қайдан көруге болады? – sport-hub