Қазақстан дзюдодан кадеттер арасындағы әлем чемпионатына құрамын жариялады

Фото: IJF
Эквадордың Гуаякиль қаласында өтетін дзюдодан кадеттер арасындағы әлем чемпионатына Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды.
Ұлттық құрама сапына 20 спортшы енгізілді.
Ерлер құрамасына Бекарыс Құдайберген мен Әділжан Нұрбекен (50 кг-ға дейін), Бақдәулет Ізбасар (55 кг-ға дейін), Расулхан Ғабит пен Ахмет Баубек (60 кг-ға дейін), Ерік Үсенов (66 кг-ға дейін), Бекәлі Еркен (73 кг-ға дейін), Әлижан Сайлаубеков (81 кг-ға дейін), Шыңғыс Қонысбек (90 кг-ға дейін) және Әділжан Жаудинов (+90 кг) енді.
Әйелдер құрамасында Жанель Айтбай мен Адия Жанахмет (40 кг-ға дейін), Рамина Әбішева (44 кг-ға дейін), Иянат Жұбатқан мен Зере Талғатқызы (48 кг-ға дейін), Фатима Супығалиева (52 кг-ға дейін), Інжу Жұмажан мен Еркеназ Сембек (57 кг-ға дейін), Азима Серік (63 кг-ға дейін) және Тоғжан Төлебай (+70 кг) өнер көрсетеді.
Кадеттер арасындағы әлем чемпионаты 20–23 тамыз күндері Эквадордың Гуаякиль қаласында өтеді.