Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден әлем чемпионатын аяқтады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ДРС

Фото: ДРС

Қазақстанның рапирадан ерлер құрамасы Гонконгта өтіп жатқан семсерлесуден әлем чемпионатында үздік 16 команда қатарына ене алмады. Олар алғашқы кездесуінде Қытай құрамасына есе жіберді.

Әлем чемпионатының 1/8 финалына шығу үшін өткен матчта Қазақстан құрамасы Қытайға 29:45 есебімен жеңіліп, командалық жарыстағы өнерін аяқтады.

Қазақстан құрамасы сапында Ғалым Нұрумов, Тамирлан Қалиев және Тимофей Семёнов өнер көрсетті. Қытай құрамасы атынан Люй Вэйцяо, Мо Цзывэй және Цзэн Чжаожань сынға түсті. Олар келесі кезеңде Мысыр құрамасымен кездеседі.

Айта кетейік, семсерлесуден әлем чемпионаты Гонконгта өтіп жатыр және 28 шілдеде аяқталады.

Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден әлем чемпионатын аяқтады – sport-hub