Қазақстандық семсерлесушілер әлем чемпионатындағы жарысты аяқтады

Фото: ДРС
Гонконгта өтіп жатқан семсерлесуден әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы (қылыш) мен рапирашы София Ақтаева жекелей сындағы жарысты аяқтады.
1/32 финал кезеңінде Қазақстан намысын қылышпен сайыста Қуаныш Ергашбай, Артём Саркисян және Назарбай Саттархан қорғады. Алайда үш спортшы да негізгі жарыс кестесіндегі алғашқы белдесуінде жеңіліп, жүлдеге талас мүмкіндігінен айырылды.
Қуаныш Ергашбай қытайлық Вэй Чжэньхаодан 7:15 есебімен жеңілсе, Артём Саркисян тағы бір қытайлық Шэнь Чэньпэнге 8:15 есебімен есе жіберді. Ал Назарбай Саттархан оңтүстіккореялық До Кён Донға 9:15 есебімен жол берді.
Әйелдер арасындағы жекелей рапира сайысында Қазақстан атынан София Ақтаева өнер көрсетті. Ол 1/16 финалға шығу үшін өткен кездесуде америкалық Джозефина Конвейден 10:15 есебімен жеңіліс тапты.
Енді 28 шілдеде Гонконгта командалық жарыстар өтеді.