Қазақстан ескек есуден Азия чемпионатына қатысатын құрамын жариялады
Бөлісу

Фото: ҚР ҰОК
Қазақстан 3-7 маусым аралығында Түркістанда өтетін байдарка және каноэде ескек есуден жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысатын құрамын жариялады.
Турнирде U18 және U23 жас санаттары бойынша медальдар сарапқа салынады.
Байдаркамен ескек есуден Қазақстан намысын Дінмұхамед Шынқожаев, Дмитрий Холмогоров, Егор Краснонос, Денис Кленин, Михаил Затолока, Дмитрий Ладюков, Эдуард Ярлыков, Глеб Ударцев, Анатолий Русаков, Евгений Русаков және Стелла Суханова қорғайды.
Ал каноэде ескек есу құрамасына Сұлтан Шарапиев, Полат Төребеков, Владислав Руденко, Юрий Горобов, Татьяна Гладкова, Валентина Трапезникова, Елизавета Масякина, Мария Бровкова, Мария Карманова, Ульяна Киселева және Руфина Искакова енді.