Қазақстан Германиядағы таеквондодан турнирге қатысатын құрамын жариялады

ҚР ҰОК
Қазақстанның таеквондодан ұлттық құрамасының төрт спортшысы Гамбургте өтетін German Open халықаралық турниріне қатысады.
Ерлер арасында Қазақстан намысын 58 келіге дейінгі салмақта Марғұлан Маратұлы және 63 келіге дейінгі салмақта Баты Абдулхамит қорғайды. Әйелдер арасында 54 келіге дейінгі салмақта Нодира Ахмедова, ал 67 келіге дейінгі салмақта Аида Тәукенова сынға түседі.
German Open 19-20 қыркүйек аралығында Гамбургтегі Sporthalle Hamburg кешенінде өтеді. Турнирдің алғашқы күнінде кадеттер мен жасөспірімдер жарыс жолына шықса, 20 қыркүйекте ересек спортшылар даянгке шығады.
G1 санатындағы турнир қатысушыларға әлемдік рейтингте ұпай жинауға мүмкіндік береді. Жарысқа 70 елден мыңнан астам спортшы қатысады.