Басты бет
·
Футбол

Қазақстан кубогының финалын кім төрешілік ететіні белгілі болды

Али Асетов··
ҚФФ

ҚФФ

7 қарашада Түркістанда Қазақстан кубогының шешуші матчы өтеді. Финалда «Ордабасы» мен «Қайсар» өзара кездесіп, жүлдені сарапқа салады.

Маңызды ойын қарсаңында финалға қызмет көрсететін төрешілер құрамы анықталды.

Матчтың бас төрешісі оралдық Булат Сариев болады. Қос қапталда оған ақтөбелік Юрий Тихонюк пен павлодарлық Дмитрий Белоградов көмектеседі. Төртінші төреші міндетін өскемендік Александр Затула атқарады.

Даулы сәттерді бейнеқайталау арқылы тексеретін VAR бөлмесінде астаналық Саят Қарабаев жұмыс істейді. Оның көмекшісі тараздық Бағдат Абдуллаев болады.

Еске салайық, өткен маусымда Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанған «Ордабасы» болса, «Қайсар» элиталық дивизиондағы орнын сақтап қала алмай, келесі маусымды Бірінші лигада бастайды.