Қазақстан пара садақ атудан алғаш рет медаль жеңіп алды

Фото: Мейіржан Амангелдиев
Қазақстандық Темірлан Сейітқамал мен Нұршат Төлеуқасым Пара Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды. Бұл – Қазақстан тарихындағы пара садақ атудан алғашқы медаль.
Қазақстандық жұп Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өткен W1 санатындағы ерлер арасындағы жұптық жарыстың финалына шықты. Шешуші кезеңде олар Қытай өкілдері Ли Пан мен Чжан Тяньсиньге 0:6 есебімен есе жіберді.
Финалға дейін Темірлан Сейітқамал мен Нұршат Төлеуқасым Таиланд құрамасын 5:1 есебімен жеңді. Ал іріктеу кезеңінде 1301 ұпай жинап, қатысушылар арасында екінші нәтиже көрсетті.
Еске салайық, Пара Азия ойындары 24 қазанға дейін жалғасады.