Басты бет
·
Теннис

Қазақстан құрамасы Junior Davis Cup турнирінің плей-офф кезеңіне бірінші орынмен шықты

Бекарыс Әлімхан··
Фото: ҚТФ

Фото: ҚТФ

16 жасқа дейінгі Қазақстан теннис құрамасы Шымкентте өтіп жатқан Junior Davis Cup турнирінің Азия/Мұхит аймағы топтық іріктеу кезеңінде бірінші орын алды.

Шешуші матчта қазақстандық теннисшілер Оңтүстік Корея құрамасынан басым түсті.

Ахмади Маханов - Ким Дон Чжэні 6:2, 3:6, 7:6 (7:3) есебімен жеңіп, командаға алғашқы ұпайды әкелді. Екінші кездесуде Аңсар Ниетқалиев - Чан Чжун Соға 5:7, 2:6 есебімен жол берді.

Матч тағдыры жұптық сында шешілді. Маханов пен Ниеткалиев Чан Чжун Со/Шин Чжун Со жұбын 6:2, 6:2 есебімен қапы қалдырды.

Қазақстан құрамасы топтық кезеңді үш матчта да үш жеңіспен аяқтады. Бұған дейін қазақстандықтар Түрікменстан мен Пәкістан құрамаларын 3:0 есебімен ойсырата ұтты.

Ширек финалда Қазақстан теннисшілері Гонконг құрамасына қарсы ойнайды. Турнирдің үздік төрт құрамасы Түркияда өтетін Junior Davis Cup финалдық кезеңіне жолдама алады.

Қазақстан құрамасы Junior Davis Cup турнирінің плей-офф кезеңіне бірінші орынмен шықты – sport-hub