Қазақстан құрамасы камбэк жасап, AVC Ұлттар кубогындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Бекарыс Әлімхан··
Фото: AVC Nations cup

Фото: AVC Nations cup

Волейболдан Қазақстан ерлер құрамасы AVC Ұлттар кубогындағы алғашқы жеңісін тіркеп, бес партияға созылған тартысты кездесуде Аустралияны ұтты.

Қазақстандықтар матчтың алғашқы екі сетінде 15:25 және 21:25 есебімен жеңіліп жатқанымен, кейін ойын тізгінін өз қолына алып, қатарынан үш партияда жеңіске жетті – 25:23, 26:24 және 16:14.

Осылайша, кездесудің қорытынды есебі 3:2 болып, Қазақстан құрамасы турнирдегі алғашқы жеңісін тойлады.

Қазақстан сапында Владислав Мастихин ең нәтижелі ойыншы атанып, 19 ұпай жинады. Айбек Жақсылықов команда қоржынына 13 ұпай салса, Азамат Сейілханов 12 ұпай еншіледі. Антон Кузнецовтың есебінде 11 ұпай бар.

Екі тур қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы екі ұпаймен А тобының төртінші сатысында тұр.

Ұлттық құрама келесі матчын 23 маусым күні Қытай Тайбэйі құрамасына қарсы өткізеді.

Айта кетейік, AVC Ұлттар кубогы 20-28 маусым аралығында Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатыр.