Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Бөлісу

Фото: ДРС
Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Гонконгта өтіп жатқан әлем чемпионатында Дания құрамасын жеңді.
Кездесу 45:36 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды.
Команда сапында Руслан Құрбанов, Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов және Ерлік Сертай өнер көрсетті. Қазақстандық шпагашылар матчтың басынан бастап басымдықты қолға алып, соңғы ұпайға дейін көшбасшылықты сақтап қалды. Осы жеңістің арқасында Қазақстан құрамасы жартылай финалға шығып, онда Мысыр құрамасымен кездеседі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақстандық команда Финляндияны (45:29) және Өзбекстанды (28:27) жеңген болатын. Ал әлем чемпионаты 30 шілдеде аяқталады.