Қазақстандық семсерлесуші қыздар Гонконгтағы әлем чемпионатынан шығып қалды
Бөлісу

Фото: ДРС
Семсерлесуден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатының командалық турнирінде екінші кезеңге өте алмады.
Бірінші айналымда қазақстандықтар Украина құрамасына 33:45 есебімен есе жіберді.
Қазақстан құрамасы сапында Айгерім Сарыбай, Каиша Жаныбек және Анастасия Гулик өнер көрсетті. Ал Украина құрамасында Александра Бондарь, Алина Комащук және Виктория Коротченко сайысқа түсті.
Сондай-ақ бүгін Қазақстанның ерлер құрамасы шпага бойынша жарысқа қатысып, бірінші айналымда Финляндия құрамасын 45:39 есебімен жеңді.
Айта кетейік, семсерлесуден әлем чемпионаты Гонконгта 22–30 шілде аралығында өтіп жатыр.