Қазақстан құрамасы су добынан ӘЧ-де Уругвайдан басым түсті
Бөлісу

Фото: waterpolo_kaz
Су добынан Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан U16 әлем чемпионатында Уругвайды жеңді.
Үшінші турдағы матч қазақстандық ватерполшылардың сенімді жеңісімен аяқталды — 22:5. Кездесудің үздік ойыншысы болып Максим Сасин танылды.
Еске салсақ, турнирдің алғашқы ойынында Қазақстан құрамасы Мысырдан жеңілді (9:14), кейін пенальти сериясында Сингапурды ұтты (16:15). Келесі матчты қазақстандық команда 6 тамыз күні Түркия құрамасына қарсы өткізеді.
Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 9 тамызда аяқталады.