Қазақстандықтар АҚШ-тағы турнирде 13 алтын медаль жеңіп алды

Бекарыс Әлімхан··
ҚР ҰОК

ҚР ҰОК

Қазақстанның жүзу құрамасының өкілдері АҚШ-тың Гринсборо қаласында өткен халықаралық турнирде 17 медаль жеңіп алды.

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар 13 алтын, екі күміс және екі қола жүлдеге ие болды.

София Абубакирова 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде алтын медаль жеңіп алып, 50 метрге шалқалай жүзуде қола жүлдегер атанды. Сонымен қатар, ол 4х50 және 4х100 метрге еркін стильдегі эстафеталарда, сондай-ақ 4х50 метрге аралас эстафетада алтын медаль еншіледі.

Максим Сказобцов 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде жеңімпаз атанып, 200 метрге баттерфляйда күміс, 50 метрге баттерфляйда қола медаль жеңіп алды. Сондай-ақ ол 4х50 және 4х100 метрге еркін стильдегі эстафеталарда, сондай-ақ 4х100 метрге аралас эстафетада алтын жүлдеге ие болды.

Егор Попов 100 метрге еркін стильде жүзуде алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, ол 4х50 метрге еркін стильдегі және 4х50 метрге аралас эстафеталарда жеңімпаз атанды.

Ришат Жұмағұлов 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде күміс жүлдегер атанды. Сондай-ақ ол 4х50 метрге еркін стильдегі және 4х50 метрге аралас эстафеталарда алтын медаль иеленді.

Еске салайық, турнир 29 шілде мен 1 тамыз аралығында өтті.

Қазақстандықтар АҚШ-тағы турнирде 13 алтын медаль жеңіп алды – sport-hub