Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тағы турнирге қатысты
Бөлісу

Фото: aquatics.kz
Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тың Ирвайн қаласында өткен Toyota National Championships халықаралық турниріне қатысты.
Жарыста Қазақстан намысын Артур Миронов, Айбат Мырзамұратов және Ксения Игнатова қорғады.
Артур Миронов 50 метрге брасс әдісімен жүзуде 28-нәтиже көрсетіп, 100 метрге брасста 15-орын алды. Айбат Мырзамұратов 50 метрге брасста 20-орынға ие болып, 100 метрлік қашықтықта 16-болып мәреге жетті. Ксения Игнатова 50 және 200 метрге арқамен жүзуде екі рет 16-орыннан көрінді.
Еске салайық, турнир 28 шілде мен 1 тамыз аралығында өтті.