Қазақстан құрамасы волейболдан Ұлттар кубогында Бахрейнге жол берді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: AVC

Фото: AVC

Волейболдан Қазақстан ерлер құрамасы AVC Ұлттар кубогының топтық кезеңінде Бахрейн құрамасына есе жіберді.

Кездесу 3:1 есебімен Бахрейн құрамасының пайдасына аяқталды (22:25, 25:23, 25:17, 25:20). Қазақстандық волейболшылар алғашқы партияда жеңіске жеткенімен, кейін қарсылас қатарынан үш сетте басым түсіп, матчта жеңіске қол жеткізді.

Осы ойыннан кейін Бахрейн құрамасы тоғыз ұпай жинап, А тобында екінші орынға көтерілді. Ал Қазақстан құрамасы бес ұпаймен төртінші орында тұр. Бұл топта сондай-ақ Үндістан, Қытайлық Тайбэй, Австралия және Жаңа Зеландия құрамалары өнер көрсетуде.

Бұған дейін қазақстандықтар Үндістаннан жеңілген (0:3), сондай-ақ Австралияны (3:2) және Қытайлық Тайбэйді (3:1) ұтқан болатын. Келесі матчты Қазақстан құрамасы 26 маусым күні Жаңа Зеландияға қарсы өткізеді.

Еске салайық, AVC Ұлттар кубогы 20–28 маусым аралығында Үндістанның Ахмедабад қаласында өтуде.