Қазақстан құрамасы заманауи бессайыстан әлем кубогы кезеңін бастады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ҚР ҰОК

Фото: ҚР ҰОК

Венгрия астанасы Будапешт қаласында қазіргі бессайыстан әлем кубогының кезекті кезеңі басталды. Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы да бақ сынауда.

Халықаралық турнирде ел намысын Кирилл Стадник, Лев Чувашов, Темірлан Әбдірайымов, Константин Сычев, Полина Андреева және Диана Щедрова қорғап жатыр.

Жарыс әйелдер арасындағы іріктеу кезеңімен басталды. Алайда Полина Андреева мен Диана Щедрова іріктеу сынынан өте алмай, турнирдің жартылай финалына жолдама ала алмады.

Енді қазақстандық жанкүйерлердің назары ерлер бәсекесіне ауады. Жақын күндері Кирилл Стадник, Лев Чувашов, Темірлан Әбдірайымов және Константин Сычев әлем кубогы кезеңінің келесі сатыларына шығу үшін сынға түседі.