Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына қатысады

Бекарыс Әлімхан··
ҚР ҰОК

ҚР ҰОК

Қазақстан құрамасы спорттық құзға өрмелеуден жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына қатысатын құрамын жариялады. Турнир 21-25 тамыз аралығында Қытайдың Гуйянь қаласында өтеді.

U19 жас санатында ел намысын Евгений Ким, Матвей Павлов, Глеб Семешкин, Дмитрий Ананьев, Алихан Татамбай, Рашид Хайбуллин, Роман Курассов, Алексей Стребков, Кымсан Цой, Яна Войтович, Лейла Геккеева, Виктория Ильницкая, Амира Қайсар, Ралина Абдулова, Арина Новицкая және Алина Львова қорғайды.

Ал U17 санатында Егор Некрещенный, Евгений Корнеев, Арсений Тен, Давид Кононов, Вадим Сагинтаев, Арина Панченко, Анна Семешкина, Валерия Лизанец, Анастассия Выродова, Таиссия Носкова, Амели Аскарова және Анастассия Андриенко өнер көрсетеді.

Қазақстандық спортшылар «жылдамдық», «қиындық» және «боулдеринг» дисциплиналарында, сондай-ақ эстафетада бақ сынайды. Азия чемпионаты 21-25 тамыз аралығында Гуйянь қаласында өтеді.

Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына қатысады – sport-hub