Қазақстан құрамасының капитаны соққан гол Ресей чемпионатындағы үздік деп танылды

Бекарыс Әлімхан··
«Динамо» ФК

«Динамо» ФК

Мәскеулік «Динамо» клубының қорғаушысы әрі Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Юлия Мясникованың голы Ресей Суперлигасының 16-турындағы үздік гол деп танылды.

Қазақстандық футболшы «Ростовқа» қарсы өз алаңындағы матчта гол соқты. Кездесу «Динамоның» 5:0 есебімен жеңісімен аяқталды. 58-минутта Анастасия Шлапакованың пасынан кейін Мясникова баспен соққы жасап, командасының төртінші голын енгізді. Бұған дейін Мясникова Ресей чемпионатының 16-турындағы символикалық құрамаға да енген.

Мясникова қазіргі маусым алдында мәскеулік ЦСКА сапынан «Динамоға» ауысты. Армия клубы құрамында қазақстандық футболшы Ресей чемпионы атанды. Ал Ресейге көшкенге дейін Шымкенттің «БИИК-Қазығұрт» командасында ойнап, Қазақстан чемпионатында алты рет жеңіске жетті.