Қазақстан құрамасының ойыншысы мансабын Польшада жалғастырады

Фото: «Барыс» ХК
Қазақстан шайбалы хоккей құрамасының шабуылшысы Вячеслав Колесников Польшаның «Торунь» клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Shaiba.kz.
«Барыс» жүйесінде өнер көрсеткен 25 жастағы хоккейші енді мансабын Польша чемпионатында жалғастырады. Өткен маусымда Колесников ҚХЛ тұрақты чемпионатында «Барыс» сапында 16 матч өткізіп, бір шайба соқты.
Маусымның басым бөлігінде шабуылшы «Номад» клубында ойнады. Қазақстан чемпионатының тұрақты кезеңінде ол 29 матчта 27 ұпай (19 гол және 8 нәтижелі пас) жинады. Плей-офф кезеңінде хоккейші 16 кездесуде тағы 13 ұпайға (5 гол және 8 пас) қол жеткізді.
Колесников Қазақстан ұлттық құрамасында да маңызды турнирлерде өнер көрсетті. 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында шабуылшы сегіз матчта сегіз ұпай (5 гол және 3 нәтижелі пас) еншіледі.