Басты бет
·
АО-2026

Қазақстан волейболшылары Азия ойындарының плей-офф кезеңінде камбэк жасады

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Нургали Жумагазы

Фото: Нургали Жумагазы

Қазақстан ерлер құрамасы Айти мен Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында 9-16 орындар үшін плей-оффтың алғашқы матчында камбэк жасап, жеңіске жетті.

Қазақстандық волейболшылар алғашқы екі партияда Гонконг құрамасына жол бергенімен, кейін таразы басын өз пайдасына аударып, тай-брейкте жеңіске жетті. Кездесу 3:2 (22:25, 24:26, 25:20, 26:24, 15:11) есебімен аяқталды.

Топтық кезеңде Сергей Трикоз жаттықтыратын команда А тобында өнер көрсетті. Қазақстан Пәкістаннан (1:3) және Жапониядан (0:3) жеңіліп, кейін Өзбекстанды (3:1) ұтқан.

Қазақстан құрамасы келесі матчта Қырғызстан – Қытай Тайбэйі жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.