Қазақстандық альпинистер Қытайдағы әлемдік серия кезеңіне қатысады

ҚР ҰОК
Қазақстан ұлттық құрамасының өкілдері Қытайдың Гуйян қаласында өтетін спорттық альпинизмнен әлемдік серия кезеңінде бақ сынайды.
Ұлттық құраманың алдын ала өтініміне Алихан Татамбай, Анна Баларшина және Арина Новицкая енді. Үшеуі де жылдамдыққа өрмелеу және эстафеталық жарыстарға қатысады.
Гуйяндағы жарыс 11-13 қыркүйек аралығында өтеді. Кезең бағдарламасына төрт жолдағы жеке жылдамдық, эстафета және аралас эстафета енгізілген.
Айта кетейік, Баларшина мен Новицкая осы маусымдағы халықаралық жарыстарда өнер көрсетіп үлгерді. Саньяда өткен Азия ойындарында Баларшина жылдамдық сайысында 27-орын алса, Новицкая 36-орынға тұрақтады.
Гуйяннан кейін әлемдік серия Қытайдағы тағы бір кезеңмен жалғасады. 18-20 қыркүйек аралығында жылдамдыққа өрмелеу жарыстары Чунцин қаласында өтеді.