Басты бет
·
Жекпе-жек түрлері

Қазақстандық дзюдошылар Загребтегі Гран-при турнирін жеңіліспен бастады

Али Асетов··
Фото: ijf.org

Фото: ijf.org

Хорватия астанасы Загребте дзюдодан Гран-при турнирі басталды. Жарыстың алғашқы күні Қазақстан құрамасының екі өкілі Меруерт Серсенова мен Дана Әбдірова жеңіліске ұшырады.

52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Меруерт Серсенова алғашқы айналымда Пуэрто-Рико өкілі Франсин Эчеварриямен кездесті. Қарсыласы белдесу барысында «ваза-ари» және «юко» ұпайларын жинап, жеңіске жетті. Осылайша, қазақстандық спортшы жарысты ерте аяқтады.

Ал 57 келіге дейінгі салмақта Дана Әбдірова нидерландылық Плени Корнелиссеге есе жіберді. Қарсыласы екі рет «ваза-ари» және бір рет «юко» бағасын алып, белдесуді мерзімінен бұрын өз пайдасына аяқтады.

Айта кетейік, Загребтегі Гран-при турнирі 13-15 қараша аралығында өтеді. Үш күнге созылатын жарыста ерлер мен әйелдер арасында жеті салмақ дәрежесінен, жалпы 14 медаль жиынтығы сарапқа салынады.