Қазақстандық гимнастшылар Словениядағы Challenge Cup кезеңіне қатысады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ҚР ҰОК

Фото: ҚР ҰОК

Қазақстанның спорттық гимнастика құрамасы 28-31 мамыр аралығында Словенияның Копер қаласында өтетін Challenge Cup кезеңінде өнер көрсетеді.

Ұлттық құраманың алдын ала өтініміне төрт спортшы енді.

Нариман Құрбанов пен Нұртан Ыдырысов ат снарядындағы жаттығуларға қатысады. Асан Сәлімов еркін жаттығуларда, қолды тіреп секіруде, сондай-ақ қоссырық пен кермедегі жаттығуларда бақ сынайды.

Роман Маменов еркін жаттығуларда, қолды тіреп секіруде, ілулі сақинадағы жаттығуларда және қоссырықта өнер көрсетеді.