Қазақстандық паравелоспортшылар Пара Азия ойындарында екі медаль жеңіп алды

ҚР ҰОК
Қазақстандық паравелоспортшылар Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Пара Азия ойындарында күміс және қола медаль иеленді. Отандастарымыз 4000 метр қашықтыққа жекелей із кесу жарысында жүлдегер атанды.
Жарыс Сидзуока префектурасындағы Идзу велодромында өтті. Әйелдер арасындағы бәсекеде Анастасия Калаус пен Полина Братчикова күміс медаль жеңіп алды. Қазақстандық спортшылар B санатында тандеммен жарысты. Бұл санат көру қабілеті бұзылған спортшыларға арналған. Калаус тандемнің артқы орындығында отырса, Братчикова велосипедті басқарды.
Ерлер арасындағы осы жарыста Кирилл Ильюкевич пен Глеб Бруссенский қола жүлдеге ие болды. Ильюкевич тандемнің артқы орындығында өнер көрсетсе, Бруссенский велосипедті басқарды.
Айта кетейік, 2026 жылғы Пара Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында 18–24 қазан аралығында өтеді.