Қазақстандық семсерлесуші жасөспірімдер Олимпиадасының ширек финалына шықты

ҚР ҰОК
Қазақстандық семсерлесуші Айбар Қайым Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында ширек финалға жолдама алды.
Қылышпен семсерлесуден 1/8 финалда отандасымыз Конго Демократиялық Республикасының өкілі Мерви Йембеле Тулунгамен кездесті.
Айбар Қайым қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмай, 15:3 есебімен сенімді жеңіске жетті. Қазақстандық спортшының басымдығы 12 ұпайды құрады.
Осылайша, Айбар Қайым Олимпиада турниріндегі үздік сегіз спортшының қатарына енді.
Енді отандасымыз ширек финалда жеңіске жетіп, жүлделі орындарға таласуды көздейді.