Қазақстандық спортшы Хорватиядағы үстел теннисі турнирінде күміс медаль жеңіп алды

ҚР ҰОК
Қазақстандық Жания Бекмұхамбетова Вараждинде өткен WTT Youth Contender турнирінде 13 жасқа дейінгі қыздар арасындағы жарыстың күміс жүлдегері атанды.
Бекмұхамбетова финалға дейін алты жеңіске жетті. Қазақстандық спортшы словениялық Эмма Калужаны, хорватиялық Зита Петрович пен Стелла Пресецкиді, румыниялық Сара Серпу мен Изабела Пастинаны, сондай-ақ Сингапур өкілі Линь Цзяцзюньді 3:0 есебімен жеңді.
Шешуші кездесуде Жания Хорватия өкілі Лизетт Фазекашпен кездесіп, 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Вараждиндегі турнир 25-31 тамыз аралығында өтуде.
Бұған дейін осы жылы Бекмұхамбетова Ташкентте өткен WTT Youth Contender сериясындағы 13 жасқа дейінгі жарыстарда жеңімпаз атанған. Ол бұл титулдардың бірін мамыр айында Ясмина Назарованы финалда 3:0 есебімен жеңіп, иеленген.