Қазақстандық суға секіруші Азиада-2026 финалына жолдама алды

Фото: Сали Сабиров
Қазақстандық суға секіруші Назар Қожанов Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында 3 метрлік трамплиннен секіру сайысының финалына шықты.
Іріктеу кезеңінде Қожанов 268,85 ұпай жинап, 12-орынға ие болды. Осылайша ол шешуші кезеңге берілетін соңғы жолдаманы алды. Ал Кирилл Новиков 238,80 ұпаймен 17-орынға тұрақтап, финалға өте алмады.
Айта кетейік, Қожанов үшін бұл қазіргі Азиададағы үшінші финал. Бұған дейін ол Новиковпен бірге 3 метрлік трамплиннен синхронды секіруде 302,73 ұпай жинап, жетінші орын алған. Ал 1 метрлік трамплиннен жеке сайыста Қожанов оныншы, Новиков 11-орын иеленді.
Еске салайық, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.