Қазақстандық теннисші Сағандықова ITF турнирінің алғашқы айналымында жеңіліс тапты
Бөлісу

Фото: ҚТФ
Аружан Сағандықова Арменияның Цахкадзор қаласында өтіп жатқан ITF W15 турнирінің алғашқы айналымынан әрі аса алмады.
1/16 финал матчында қазақстандық теннисші ресейлік Александра Хомитскаяға 2:6, 5:7 есебімен есе жіберді.
Екінші айналымда Хомитская ресейлік отандасы Екатерина Агуреевамен шеберлік байқасады.
Сағандықова жарысты жұптық сында жалғастырады. Ширек финалда қазақстандық теннисші өзбекстандық Севиль Юлдашевамен бірге Анна Баздерова мен Александра Хомитская жұбына қарсы ойнайды.